KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
467.29 501.03 5.35

Ана мен бала орталығында көзге күрделі оталар жасалады – ШҚО

Фото: depositphotos.com

27.05.2024, 12:18 339 Ержан Әбіш

Өскемендегі Ана мен бала орталығының көз микрохирургиясы бөлімшесінде балаларға жоғары технологиялық медициналық оталар жасалып жүр.

Бөлімшеде 10 төсек-орын, күндізгі стационарда 14 төсек-орын бар. Мұнда балалардың көзіне отаның барлық түрі жасалады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Күндізгі стационарда көздің қылилығын емдейтін оталар жасаймыз. Сондай-ақ бөлімше көз жарақаты, термиялық және химиялық күйік, қабыну және абсцесс кезінде шұғыл көмек көрсетеді, – дейді ШҚО Ана мен бала орталығы көз микрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Әсел Жұмақанова. 

Балаларға барлық ем, ота тегін жүргізіледі. Өйткені балалардың әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қаржыны мемлекет төлейді.

Жас ана Еркежан Рамазанова ұлы Ерсұлтанмен бөлімшеге қалай түскенін айтып берді:

– Екі апта бұрын ұлымның қабағында ісік пайда болды. Біз дәрі тамыздық, бірақ қабыну күшейе түсті. Өскемендегі Ана мен бала орталығына келдік. Қатты уайымдадым. Бірақ дәрігерлер халязионды кесу отасын тез және кәсіби түрде жасап берді. Мен ризамын! Енді балам ауруханада ем алып жатыр. Бізге бәрі ұнайды, мейірбикелері жауапты, дәрігерлері керемет. Мен барлық ата-аналарға ауруды асқындырмай, баланы дереу дәрігерге апарыңыздар дегім келеді.

Ана мен бала орталығында миопия, амблиопия, шала туылған нәрестелердің ретинопатиясы және басқа да көз ауруларын диагностикалау мен емдеудің барлық түрлері жүргізіледі.

Жалпы өңір бойынша жыл басынан әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы балаларды оңалтуға 770 млн теңге, стационарлық көмекке 4,6 млрд теңге бөлген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив