Әлеуметтік тауарлардың бағасы бақылауда – ШҚО

Бүгінде Шығыс Қазақстандағы тұрақтандыру қорының павильондарында 11 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері сатылып жатыр. Көктем-жаз аралығындағы кезеңнің өзіндік ерекшеліктері болғанымен алдын ала келісім жасалған тауарлардың бағасы өзгерген жоқ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Келісімшарт бойынша, өсімдік майы, қарақұмық, өлшенбелі макарон және ас тұзының жеткілікті мөлшері 2024 жылдың соңына дейін жеткізілмек. Ал, қант бойынша келісімшарт 2025 жылдың қаңтарына дейін, күріш бойынша ағымдағы жылдың қазан айына дейін жасалған. Яғни, келісімшарт аяқталғанға дейін тауар бағасы өзгеріссіз қалады.
Сонымен қатар, корпорация жұмыртқа бағасын тұрақтандыруда қысқамерзімді механизммен жүзеге асырылып жатқан көрінеді. Себебі жұмыртқа өнімі тез бұзылатын азық-түліктер қатарынан болғандықтан алдын ала тиімсіз болып саналады.