KZ
Өскемен
+30°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
474.83 515.38 5.5

ШҚО-да пияз бағасы арзандады

Фото: depositphotos.com

11.06.2024, 10:18 114 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да аясында пияз бағасының 1 келісі 80 теңгеге дейін арзандады.

Шығысқазақстандықтар арзан бағадағы әлеуметтік азық-түлікті тұрақтандыру қорының дүңгіршектерінен ала алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Ертіс» ӘКК» АҚ корпорациясы мен жеткізуші тарап өзара келсіссөздер нәтижесінде пияз бағасын арзандатуға қол жеткізген.

- Қазіргі уақытта 23 сауда павильонына «Алтай» көтерме-тарату орталығы корпорация тарапынан келісілген қордан пияз жеткізуде. Әдетте нарыққа мезгілден ерте жаңа піскен балғын пияз түскенде баға көтеріліп кетеді. Өйткені, ерте пісетін өнімдерді өсіруге кететін шығын да көп. Алайда, бағдарлама өз функциясын атқарып отырғандықтан, пияз бағасының 80 теңгеге арзандауы бағы тұрақтылығын ұстап тұруға сеп болмақ, - дейді «Ертіс» ӘКК» АҚ корпорациясысының баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив