KZ
Өскемен
-29°
плотный туман жел 1 м/с, С
511.18 530.6 5.28

ШҚО филармониясының өнерпаздары Алтай ауданында концерт берді

Алтай ауданы әкімдігінен
Алтай ауданы әкімдігінен
15.06.2024, 11:00 218 Назерке Каримова

«Ауыл  - ел бесігі» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында «BIG BAND» джаз оркестрі мен ШҚО филармониясының өнерпаздары гастрөлдік сапармен Алтай ауданының ауылдарын аралады.

Өнерпаздар «Ауыл кеші көңілді» концертімен Алтай, Серебрянск қалалары мен Средигорное, Тұрғысын, Полянское ауылдарына барды, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.

Алтай ауданындағы кештердің бірі ақ халатты абзал жандардың мерекесімен тұспа-тұс келді. Ауданның медицина саласының мамандары кәсіби мерекелерінде көтеріңкі көңіл күй сыйлаған әртістердің өнерін жоғары бағалап, алғыстарын білдірді.

Алтай қаласының тұрғындары өз жерлестері, Х-фактор музыкалық байқауының лауреаты Әсем Рыспаеваны құшақ жая қарсы алып, джаз оркестрі мен өзге де әншілердің өнерлеріне тамсанды.

Средигорное, Тұрғысын, Полянское ауылдарының тұрғындары да кеш бойы өнерпаздарды қошеметке бөлеп, сүйікті әндерді қосыла шырқады. Осылайша, облыс орталығының өнерпаздары шалғай ауылдардағы ағайынды қуантып қайтты.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу