KZ
Өскемен
-6°
небольшая облачность Штиль
497.89 525.12 5

Экология министрі: ШҚО-да экологиялық ахуал тұрақты

14.06.2024, 20:46 103 Серік Әбілхан

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде өңірдегі, оның ішінде Өскемен қаласындағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы сұрақтар қойылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Министр Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтті. Статикалық деректер кейінгі жылдары қоршаған ортаға шығарылатын улы газдардың азайғанын көрсетеді.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірінші санаттағы ірі кәсіпорындар озық технологияларды енгізуге міндетті болады. Бұл технологиялар қоршған ортаның жағдайына жағымды әсер етеді”, - деп түсіндірді Ерлан Нысанбаев.

Қазір облыста бірінші санатқа жататын 57 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Олардың қатарында “Казцинк” ЖШС, “Өскемен ЖЭО” ЖШС, “Өскемен титан-магний комбинаты” АҚ, “Үлбі металлургиялық зауыты” АҚ, “Бұқтырма цемент зауыты” АҚ сияқты іргелі өнеркәсіп орындары бар.

Фото: Аяужан Утеулинова



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу