KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
471.46 504.79 5.53

ШҚО-да өрт қаупі жоғары

Фото: azh.kz

14.06.2023, 18:13 584 ALTAINEWS

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 15 маусымда облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

ШҚО ТЖД мамандары жергілікті тұрғындардан өте сақ болу, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау керектігін ескертеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өрт қауiптiлiгiнiң жоғары класы бар аумақтарда қауiпсiздiк және өрттiң алдын алу мақсатында Мемлекеттiк орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салынады.

  "Құрғақ шөптер, қоқыстар мен қамыстың жанында от жағуға болмайды. Сөндірілмеген көлікте темекі мен шыны ыдыстарды қалдырмауға тырысыңыз", делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Рұқсат етілмеген от жағу, құрғақ шөпті бақылаусыз өртеу және өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336 және 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Төтенше жағдайға тап болған жағдайда 101 және 112 нөміріне хабарласыңыз.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив