KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Полиция департаменті бастығының орынбасарлары тағайындалды – ШҚО

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
4.07.2024, 16:49 89 Ержан Әбіш

Ішкі істер министрінің бұйрығымен ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасарлары лауазымына полковник Қазбек Тақжанов және подполковник Эльдар Қарсақбаев тағайындалды.

Қазбек Тақжанов осыған дейін Абай облысы Анықтау басқармасының бастығы қызметін атқарған, ал Эльдар Қарсақбаев ШҚО ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасын басқарған.

Жаңа орынбасарларын жеке құрамға облыстық департаменттің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков таныстырды.

Тақжанов Қазбек Мұхтарұлы – Риддер қаласының тумасы, құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қазақстан-Америка еркін университетін бітірген. Қызметін Солжағалау полиция бөлімінің анықтаушысы ретінде бастаған, тергеу бөлімшелеріндегі жұмыс өтілі – 24 жыл. Қазбек Мұхтарұлы тергеу және криминалистикалық бөлімшелерге жетекшілік ететін болады.

Қарсақбаев Эльдар Ерғалиұлы құқық қорғау органдарында 2006 жылдан бері қызмет етеді, Ұлан ауданының тумасы. Шығыс гуманитарлық институтын бітірген. Қызмет жолын жедел қамтамасыз ету орталығының инспекторы болып бастаған. Ол ШҚО ПД ақпараттандыру және байланыс саласына жетекшілік ететін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив