KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО тұрғынынан 250-ге жуық электронды темекі тәркіленді

Фото: Polisia.kz

24.07.2024, 15:07 151 Ержан Әбіш

ШҚО полицейлері тұрғыннан 250-ге жуық электронды темекі тәркіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Электронды темекі мен сұйықтық сататын интернет-дүкен танымал әлеуметтік желілер арқылы жұмыс істеген.

Өскемен қаласының 29 жастағы тұрғынының гаражын тінту барысында полицейлер 250-ге жуық түрлі маркалы электронды темекіні және 300-ге жуық темекі сұйықтығы бар бөтелкелерді, 118 буландырғышы бар бөтелкелер мен картридждерді тәркілеген.

Белгілі болғандай, ер адам қолданыстағы тыйым туралы білген, бірақ өнімді курьерлер арқылы сатуды жоспарлаған.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Заңға сәйкес, Өскемен тұрғынына 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу