KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Жыл басынан бері облыс бюджетіне 109 миллиард теңге кіріс түсті

25.07.2024, 15:20 108 Ержан Әбіш

Облыс бюджетінің кіріс бөлігі ағымдағы жылдың бірінші жартысында 133,5%-ға орындалды. Жоспар 81,7 млрд теңге болатын, нақты түскені 109,1 млрд теңге. Бұл туралы облыстық әкімдіктің мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қаржы басқармасының басшысы Светлана Большакованың мәліметінше, асыра орындау 27,4 млрд теңгені құрап отыр, оның ішінде облыстық бюджет бойынша 16,6 млрд теңге (165,5%), қалалар мен аудандар бюджеті бойынша 10,8 млрд теңге (119,2%).

Жоспардың орындалуы барлық кіріс көздері бойынша қамтамасыз етілген.

Алайда бюджеттің шығыс бөлігі 98,6%-ға ғана орындалды. Жоспар 257,5 млрд теңге болатын, игерілген қаржы 253,9 млрд теңге.

Қалдық 3,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде 105,0 млн теңге – демалыстар, іссапарлар кестесінің өзгеруіне байланысты еңбекақы төлеу қоры, мемлекеттік сатып алу қорытындылары және т.б. бойынша үнемдеу. Бюджет кодексінің 3-бабына сәйкес үнемдеу сомасы игерілмеуге жатпайды.

Жергілікті бюджет қаражатын игермеуге құрылыс (800 млн теңге), білім (67,2 млн теңге), энергетика және ТҮКШ (58,9 млн теңге), денсаулық сақтау (42,6 млн теңге) басқармалары, Риддер қаласының, Самар, Ұлан, Катонқарағай аудандарының әкімдіктері жол берген.

Бұл ретте облыс әкімі Ермек Көшербаев алдағы уақытта бюджетті жоспарлау мәселелеріндегі жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

Осы мәселелерді шешу үшін басқарма басшыларына, сондай-ақ қалалар мен аудандардың әкімдеріне конкурстық рәсімдерді уақтылы және сапалы аяқтау жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Фото: Нелли Петенева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив