KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 5 м/с, ОШ
529.65 544.64 5.16

Мораторий аяқталғаннан кейін ШҚО-да кәсіпкерлерді тексеру көбейді

Фото: ШҚО Кәсіпкерлер палатасы

2.08.2024, 14:50 111 Ержан Әбіш

ШҚО Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлік құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте бизнесті тексерудің көбеюі туралы мәселе көтерілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті ШҚО бойынша департаментінің мәліметіне сәйкес, осы жылдың алғашқы жартысында 1931 тексеру тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9%-ға көп.

Кеңес төрағасы Игорь Шацкий ШҚО Кәсіпкерлер палатасына мемлекеттік органдардың бизнес субъектілеріне қатысты тексерулер жүргізу мәселесін ерекше бақылауда ұстауды және осындай сипаттағы шағымдар түскен жағдайда жедел әрекет етуді ұсынды.

Тексерулерді тіркеу кезінде проблемалық мәселелер туындаған жағдайда, кәсіпкерлер ШҚО Кәсіпкерлер палатасына Әуезов даңғылы, 26/1 мекенжайы бойынша жүгіне алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу