Жыл басынан бері 200-ге жуық ірі спорттық-бұқаралық шара өтті – ШҚО
Фото: depositphotos.com
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Осы уақыт аралығында өңірде 150 облыстық, 43 республикалық және 1 халықаралық спорттық-бұқаралық шара өткізілді. Бұл шараларға жалпы саны 5 мыңға жуық адам қатысты.
Шаралардың қатысушылары әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтағы азаматтардан тұрады: балалар, ересектер, қарт адамдар. Облыс көлемінде өткізіліп жатқан шаралар өңір тұрғындарының белсенді өмір сүруіне және спортпен шұғылдануына ықпал етуде.
Аудандарда да жергілікті деңгейде спорттық жарыстар ұйымдастырылып тұрады. Олар әрбір азаматтың спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Мұндай шаралар өңірдің әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымын дамытуға, дене шынықтыруды насихаттауға және халықтың спортқа деген қызығушылығын оятуға үлкен үлес қосуда.