ШҚО әкімі: полиция аймақ шахталарында болған апаттар бойынша тергеуді бастады
freepik.com
Бүгін өңір басшысы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына барып көңіл айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Әрине, бұл кезеңде барлық қажетті қолдауды KAZ minerals компаниялар тобының басшылығы, мердігерлер, облыс және аудан әкімдіктері көрсетеді.
– Бұл қайғылы жағдай. Біз асыраушысынан айырылған отбасыларға балаларды оқыту және басқа да өмірлік жағдайларға қатысты толық көмек көрсетеміз. Осы оқиғаның егжей-тегжейіне жету үшін біз компания басшылығын күтеміз, - деді Ермек Кошербаев.
Сонымен қатар облыс әкімі оқиға орнында облыстық полиция департаментінің басшылығымен барлық қажетті тергеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын атап өтті.
- Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 3-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлаған болатын ШҚО ПД. - Тергеу жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.
Оқи отырыңыз