KZ
Өскемен
-5°
небольшой снег жел 1 м/с, С
523.54 546.47 4.99

ШҚО прокуратурасы бюджет қаржысын ұрлау деректерін анықтады

Фото: depositphotos.com

4.09.2024, 17:02 126 Ержан Әбіш

ШҚО прокуратурасы адамдарды ерікті түрде қоныс аударту қағидаларының сақталуын тексеру барысында басқа елдерден азаматтарды көшіру үшін үй сатып алуға бөлінген бюджет қаржысын ұрлаудың қылмыстық схемасын анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл қаражаттың жалған сатып алу-сату келісімдері және үй сатушылармен сөз байласу арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрланғаны анықталды. Кей жағдайда ұрлық Мансап орталықтары лауазымды тұлғаларының қатысуымен жүзеге асқан.

Мәселен, 2024 жылдың басында Моңғолиядан қоныс аударған үш отбасы жалпы сомасы 18 млн теңге үй сатып алуға шарт жасаса, оның 9 млн теңгесін қоныс аударушылар шартқа қол қойғанға дейін төлеген-мыс, ал қалған соманы Орталық сатушылардың есепшотына аударған.

Содан кейін сатушылар ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, оны қоныс аударғандарға қайтарған, олар жеке қажеттіліктеріне, оның ішінде көлік сатып алуға жұмсаған.

Тағы бір жағдайда қоныс аударушы 8 млн теңге үйді сатып алу-сату шартын жасасқан, оның 4 млн теңгесі экономикалық ұтқырлық сертификаты арқылы төленген.

Сонымен бірге сатып алынған үйдің тұруға жарамсыз екені, ақшаны заңсыз алу мақсатында жалған шарт жасалғаны анықталды.

Осы фактілер бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады, тергеу мүддесі үшін қатысқан тұлғалар туралы ақпарат жарияланбайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу