KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

Мемлекеттік гранттар байқауы қазан айында өтеді

https://egemen.kz/

17.09.2024, 17:00 77 Айжанат Бақытқызы

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде 2023 жылы облысымыздың әртүрлі өңірлерінен ісін жаңа бастаған 45 кәсіпкер жаңа бизнес-идеялардың грант иегерлері атанды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Солардың бірі «Agro Travel Altay.kz» ЖК 5 млн.теңге көлемінде мемлекеттік грант алып, Алтай ауданы, Богатырев ауылында «Қонақ үй салу» жобасын іске асырды. Бұл жоба жаңа жұмыс орындарын құру, туризмнің қонақ үй секторын дамытуды қарастырады.

Ағымдағы жылы шарттарға бірқатар өзгерістер енгізілді және қағидаларға сәйкес мемлекеттік гранттар «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген Қағидалармен регламенттелген.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «Бір ауыл, бір өнім» бағдарламасының финалисті болып табылатын кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжатты Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы  ұсынады. Мекенжайы: Өскемен қаласы, Әуезов көшесі, 26/1, тел. 8-7232-742122.

Бюджеттік қаражат бөлінуіне байланысты мемлекеттік гранттар беру байқауын 2024 жылдың қазан айында өткізу жоспарланып отыр. 

Байқау туралы хабарландыру басқарманың ресми сайтында, «Kezekte.kz» веб-порталында және ресми әлеуметтік желілерде орналастырылады. 

Толық ақпаратты, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40 мекенжайында орналасқан ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасынан немесе 8 (7232)-71-32-57 байланыс телефоны арқылы алуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив