«Қызыл Ту» мұз өткелі жабылды
13 наурыздан бастап «Қызыл Ту» мұз өткелінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Ауа райының күрт жылынып, жауын –шашын болуына байланысты Бұқтырма су қоймасының мұзы ыдырап, қызыл су жүріп кеткен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Жүргізушілер Алтай, Үлкен Нарын және Зайсан елді мекендері арқылы айналма жолмен жүре алады, - делінген ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарламасында.
Оқи отырыңыз