ШҚО ТЖД-да Тәуелсіздік күніне орай салтанатты кеңес өтті
ШҚО Төтенше жағдай департаментінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аясында салтанатты кеңес өтті.
Мекеме басшысы Ерғали Бахаев құттықтау сөз сөйлеп, өткен жылдар ішінде төтенше жағдайларға ден қоюдың жедел жүйесі қалыптасқанын атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- ШҚО ТЖД қызметкерлері авариялық-құтқару жұмыстарына 3800-ге жуық шыққан, бұл ретте 215 азамат құтқарылды және 410 адам қауіпті аймақтан эвакуацияланды, - деп атап өтті ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін құтқарушылар мен өрт сөндірушілер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің атынан алғыс хаттармен, ТЖ департаменті басшылығының грамоталарымен марапатталып, мерзімінен бұрын және арнаулы атақтар берілді.