KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
485.04 525.98 5.04

ШҚО тұрғыны Қызыл кітапқа енген құсты құтқарды

Фото: depositphotos.com

9.10.2024, 11:00 78 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының тұрғыны жолда жаралы жатқан, Қызыл кітапқа енген құсты құтқарып қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Глубокое ауданы Опытное поле ауылында тұратын әйел адам жолда жатқан дала бүркітін көріп қалған. Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстың қанаты жараланғаны байқалған.

– Ауыл тұрғыны бірден полицияға хабарласты. Оқиға орнына учаскелік полиция қызметкері Ержан Тащанов келіп жетті. Содан соң құс Өскемендегі ветеринарлық клиникаға жеткізілді, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Енді құс қаладағы Сол жағалау саябағында орналасқан хайуанаттар бағында оңалтуға жіберіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив