ШҚО-да қызыл кітапқа енген өсімдікті қынадай қырғандар ұсталды
Шығыс Қазақстанда облысында қызыл кітапқа енген өсімдікті қынадай қырған 14 күдікті жауапқа тартылмақ. Тәртіп бұзушылар 42 қап алтын тамыр қазып алған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, тұрғындар өсімдіктерді Зайсан ауданына қарасты Кеңсей ауылының маңындағы «Көк томар» учаскесінен қазып алған. Бұл –шынымен де қызыл кітапқа енген алтын тамыр өсімдігі ме? Мамандар анықтап жатыр.
Ал азаматтар айыпты деп танылған жағдайда, мемлекетке келтірілген залал анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүреді. 14 күдікті, Зайсан ауданының тоғыз, Күршімнің бес тұрғыны, қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.
Айта кетейік, күдіктілердің екеуі - кәмілетке де толмаған жас жеткіншек.