KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

ШҚО емдеу мекемелері биыл 102 жас дәрігермен толығады

26.10.2017, 09:15 131

Өңірдегі емдеу мекемелері ұжымдарының қатары биыл 102 жас дәрігермен толығады. Олардың 67-і ауылды жерлерді таңдап отыр. Ауылға барам деген мамандардың құжаттары қазір аудандық әкімдіктерге қарауға жіберілген.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Марат Шорановтың мәліметтері бойынша, жас мамандарды жұмысқа тарту бойынша барлығы 149 келісім-шартқа қол қойылса, олардың 69-ы қалалық жерлерде бекітілген.


Өткен жылы Семей медициналық университетінің 192 түлегі облыстан тысқары кетпей, туған өлкемізде өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасыпты. Олардың 10-ы жеке меншік клиникаларды таңдаса, қалған 182 маман мемлекеттік денсаулық сақтау орындарында қызмет істейді.


Жас дәрігерлерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі де өз шешімін тауып келеді. Былтыр тоғыз маманға тұрғын үй берілсе, тағы сегіз дәрігер баспана сатып алу үшін 1,5 мың АЕК көлемінде несиеге қол жеткізді. Өскемен қаласындағы №1 қалалық аурухананың жанындағы жатақханадан жиырма жасқа толмаған мамандарға 38 пәтер бөлініпті. Еңбек жолын енді бастаған мамандарға 80 АЕК мөлшерінде бір реттік көтермеақы төленді.


Соған қарамастан облыста әлі де дәрігерлер жетіспейді. Үржар, Аягөз, Зайсан, Катонқарағай аудандарында онколог, невропатолог, неонатолог, реаниматолог, акушер-гинеколог сияқты мамандар тапшы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив