Миллиардтаған қарыз: Қазақстандағы алимент мәселесі
pexels.com
Әділет министрлігі елдегі алимент бойынша қарыздар мен олардың мөлшері туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Министрліктің дерегінше, 1 қазанға дейін ел бойынша алимент төлемдеріне қатысты 322 мың іс қаралып жатыр.
Осылайша, алименттік істердің 9,6 пайызы проблемалық болып саналады.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының 43 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған баласын асырауға арналған алиментті төлемегені үшін 9 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Оның алимент бойынша қарызы 2 миллион теңгеден асқан. ШҚО бойынша анықтау бөлімшелері жыл басынан бері алимент төлемеу фактілері бойынша сотқа 36 қылмыстық іс жолдаған.