ШҚО әкімі: «Қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына бөлінетін қаражат көлемі артады»
Биылғы жылмен салыстырғанда қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына бөлінетін қаражат көлемі 30 пайызға артпақ. Бұл туралы брифинг барысында ШҚО әкімі Ермек Көшербаев мәлім етті.
- Денсаулық туралы айта тұра, экология мәселесіне тоқталмасқа болмайды. Өскемен әуе бассейнінің жай-күйіне климаттық, географиялық, антропогендік шарттар әсер етеді. Қарапайым тілмен айтқанда, қаланың орналасуы, желдің бар-жоғы, өндірістік кәсіпорындар, автомобильдер, қазандықтар және жер үйлердің түтіні ықпал етуі мүмкін. Бір апта бұрын эколог мамандар және қоғам өкілдерімен бірге Қоғамдық кеңес жанынан тұрақты жұмыс істейтін – «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросын» құру туралы ұсынысты талқыладық,- деді Ермек Беделбайұлы.
Брифингте аймақ басшысы қоғам, билік пен өнеркәсіп өкілдері диалог арқылы ауа сапасына қатысты қордаланған мәселелердің шешімін табу керектігін атап айтты. Бюро осы бағытта ұсыныстар әзірлеп, тұрғындарға ауаның ластануының қауіп-қатері мен оны азайтудың жолдарын түсіндіреді. Ең бастысы, қоғамдық бақылау күшейтіледі.
Оқи отырыңыз