KZ
Өскемен
-21°
туман жел 1 м/с, С
524.66 550.21 5.09

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнімен құттықтауда (видео)

Фото: видеодан скриншот

16.12.2024, 15:30 249 Төлеуғазы Жансая

 

16 желтоқсан – Қазақстан халқы үшін ерекше мәнге ие күн. Тәуелсіздік күні – мемлекетіміздің егемендік алып, әлемге өз атын танытқан тарихи кезеңнің белгісі. Осыған орай ел азаматтары бір-бірін құттықтап, мерекелік көңіл-күймен бөлісуде, - деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.  

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне арналған құттықтаулар мен тілектерді белсенді түрде жариялап жатыр. Олар мемлекетіміздің жетістіктерін, халықтың бірлігі мен тұрақтылығының маңызын атап өтуде. Әсіресе, жастар жағы мемлекеттің болашағы үшін жауапкершілікті сезінетінін жазып, ел дамуына өз үлестерін қосуға дайын екенін жеткізуде.  

Мемлекеттік органдар мен мекемелер де арнайы шаралар өткізіп, тұрғындарды құттықтауды жалғастыруда. Шығыс Қазақстан облысында оқушылар мен жастар арасында патриоттық челлендждер ұйымдастырылып, елдің тарихы мен тәуелсіздік құндылықтарын дәріптейтін іс-шаралар өтуде.  

Сонымен қатар, әскери қызметшілер мен құтқарушылар да бұл күнге арналған челлендждерге қатысып, тәуелсіздіктің бейбітшілікті, тұрақтылықты сақтаудағы маңызын атап өтуде.  

Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан әлемдік аренада танымал, тұрақты дамып келе жатқан мемлекетке айналды. Осы мерекеде қазақстандықтар ел болашағының жарқын, дамуының қарқынды болуын тілеп, бір-біріне құттықтаулар жолдауда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу