Тасқынға – тосқын: ШҚО ғалымдары асау Үлбіні ауыздықтамақ
Фото: photogoroda.com
Үлбі өзенін сандық формаға көшіру – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғалымдар тобы өз алдарына осындай міндет қойып отыр. Ол үшін таулы өзеннің өзгермелі сипатын ескере отырып, өзен бойына кем дегенде 20 автоматты станция орнату қажет, бұлар мұнда орналасқан гидропосттарды толықтыратын болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
НЕЛІКТЕН ҮЛБІ СОНШАЛЫҚ ЕРЕКШЕ?
Өскемен қаласының тұрғындары үшін Үлбінің жиі және болжамсыз тасуы – тұрақты мәселе. Себебі өзен бойында облыс орталығында арнайы айналма жол өтеді, оны мезгіл-мезгіл тасыған Үлбі басып қалады.
Дегенмен, қала тұрғындары әрдайым тау беткейлерінде күшті жаңбыр жауып, Үлбі өзенінің Өскеменнің жағалау аймағын су басуы мүмкін екенін білмейді. Кейде Үлбі көпіріне жақындаған көліктер су басқан аймаққа түсіп, 1-2 метрге дейін суға батып кететін жағдайлар болған.
Еске салсақ, Өскеменнің Ескі Согра мен Бабкина мельница сияқты аудандары Үлбі өзенінің төменгі ағысында орналасқан.
СУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
Біздің сұхбаттасушымыздың айтуынша, Қазақстан ғалымдары жылдар бойы және әртүрлі бағыттарда Қазақстан өзендеріндегі су ағындарымен байланысты қауіпті жағдайларды болдырмау үшін белсенді ғылыми зерттеулер жүргізіп келді.
Бұл мәселе С. Аманжолов атындағы университет ғалымдарын да алаңдатқан. Мысалы, 20 жыл бұрын география ғылымдарының кандидаттары Анатолий Чурсин мен Анатолий Павленко «Шығыс Қазақстан аймағындағы Ертіс өзенінің салаларында су тасқыны қауіптілігін бассейндік әдіспен бағалау» атты мақалаларын жариялаған.
Мақала авторлары ретінде, олар Шығыс Қазақстандағы Ертіс өзенінің су алабы аумағында су тасқынының пайда болу қаупін бағалауға арналған картаны әзірледі.
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Осы уақытқа дейін жиырма жыл өтті, алайда Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны қаупі жағдайы айтарлықтай өзгерген жоқ.
С. Аманжолов атындағы университеттің зерттеу тобы мүшелерінің пікірінше, қазір цифрлық технологияларды қолданып, Үлбінің ырқын реттейтін уақыт келді.
Алғашқы қадамдар атқарылған. Өткен жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстанның Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Қазақстанның оңтүстігінде су ресурстарын есепке алу, бақылау деңгейін және басқаруды автоматтандыру жұмыстарын жүргізді.
Үлбінің жағдайын бақылау бойынша пилоттық жоба ретінде мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін қаланың аумағында автоматты станция орнату үшін нүкте анықтау жоспарлануда.
СТАНЦИЯ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
Әрине, өзенді спутник арқылы бақылауға болады, бірақ Үлбіде бұл нұсқа жарамсыз. Спутник өзеннің жағдайы туралы тек оның осы аймақтың үстімен ұшып өтетін кезде жаңартылған мәліметтер бере алады, ал бұл тәулігіне бір-екі рет қана болады.
Міне, сондықтан зерттеушілер өзеннің жағдайын 24/7 режимінде нақты уақыт ішінде бақылайтын автоматтандырылған станция орнатуды ұсынып отыр. Бұл станция барлық датчиктер көрсеткіштерін операторлардың экранында ғана емес, барлық пайдаланушыларға арналған арнайы қосымшада да көрсететін болады.
Қазіргі уақытта С. Аманжолов атындағы университеттің студенттері Үлбінің жағдайын осы көктемде өз беттерінше бақылап, су деңгейінің көтерілуі мен төмендеуін жазып отырды.
Жоба авторлары таулы өзеннің алты физико-химиялық параметрін өлшеу үшін датчиктер орнатуды ұсынады. Олардың ішінде су жылдамдығы, деңгейі, мөлдірлігі, температурасы, сондай-ақ қышқылдығы (pH деңгейі) бар. Пилоттық станцияның жұмысын мамыр айында бастау жоспарлануда. Алғашында ол тек су деңгейі туралы ақпарат беретін болады, ал кейінірек өзен ағысының жылдамдығын өлшейтін датчиктер орнатылады.
Оның айтуынша, Үлбінің төменгі ағысындағы су деңгейін бақылау үшін су деңгейін 8 метрге дейін көтеруге мүмкіндік беретін деңгей өлшегіш жеткілікті. Айта кетейік, 2001 жылы Үлбінің су деңгейі 8,18 метрге дейін көтерілген болатын.
Үлбі көпірінің астындағы су басатын жол учаскесінде жол апаттарын болдырмау үшін автостанцияны автоматты түрде судың көтерілу қаупі туындағанда жолды жабатын шлагбауммен синхрондауға болады.
Егер Үлбі өзені мен оның саласы – Кіші Үлбі бүкіл ұзындығы бойынша, яғни Өскемен қаласындағы Ертіс өзеніне құяр жеріне дейін бақыланса, бұл жағалаудағы тұрғындарды уақытында эвакуациялауға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты жоба авторлары үш қауіпсіздік деңгейін әзірлеуді жоспарлап отыр. Олар телефонға орнатылатын мобильді қосымша арқылы барлық пайдаланушыларға қолжетімді болады. Қызыл деңгей – денсаулыққа қауіпті, сары деңгей – орташа ластану, жасыл деңгей – шомылуға қауіпсіз.
МӘСЕЛЕНІ ШЕШУГЕ ҚАНША ҚАРЖЫ ҚАЖЕТ?
Мамандардың бағалауы бойынша, бір автоматты станцияның құны 500 мың теңгеден аспайды. Демек, бүкіл таулы Үлбіні сандық жүйеге көшіру шамамен 10 миллион теңгеге түседі.
Екатерина Гуляева