KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

ШҚО: "Арлан" арнайы бөлімшесі 25 жылдығын атап өтті

14.05.2023, 11:55 491 Ләззат Қанатқызы

ШҚО полиция департаменті "Арлан" арнайы бөлімшесінің 25 жылдығын атап өтті.

25 жыл ішінде арнайы жасақ қызметі қалыптасу және даму жолынан өтіп, бүгінгі күні жедел міндеттерді табысты жүзеге асырудың маңызды құрамдастарының бірі болып табылады, деп хабарлайды Altyanews тілшісі.

Құрылған күннен бастап "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлері облыс аумағындағы жедел жағдайлардың алдын алуда баға жетпес үлес қосуда.

Сондай-ақ, «Арлан» бөлімшесінің инспекторлары республикалық деңгейде ғана емес, халықаралық деңгейдегі спорттық турнирлерде де полицияның намысын үнемі қорғап келеді.

  Жеке құрамды құттықтай отырып, Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков ардагерлер мен қызметкерлерге адал қызметі үшін алғыс білдіріп, бұл бөлімше ең күрделі міндеттерді шешуде сенімді тірек болып табылатынын атап өтті, дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Департамент бастығының бұйрығымен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі, құқық қорғаудағы ерекше еңбегі, сондай-ақ үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін бірқатар шығысқазақстандық қызметкерлер марапатталды.

  ІІО ардагері Серік Жұмағалиев «Қазақстан полициясының 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Мереке құрметіне ерекше көзге түскен қызметкерлерге мақтау қағаздары мен алғыс хаттар табысталды. Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталды, деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив