KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями Штиль
500.32 545.3 6

Шемонаиха ауданында мұз жару жұмыстары жүргізілді (видео)

18.03.2025, 15:30 95 Гульжан Мусина

 

Шығыс Қазақстан облысында өзендердегі мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында жарылыс жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта Шемонаиха ауданындағы Уба өзенінде мұз жару шаралары жүргізіліп, жалпы ауданы 7812 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл жұмыстар су тасқынының алдын алу шараларының бір бөлігі ретінде жүзеге асырылып отыр. Мұз жамылғысын әлсірету арқылы мамандар өзен арналарының өткізу қабілетін арттырып, су деңгейінің реттелуіне ықпал етеді.

Облыстағы жағдай тәулік бойы бақылауда. Жергілікті билік органдары мен құтқару қызметтері су тасқыны қаупінің алдын алу үшін тиісті шараларды жалғастыруда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу