Шығыста әскери қызметкерлер Наурыз тойын бастап кетті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер «Наурыз» мерекесін тойлауды бастап кетті. Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы атаулы күндердің әрқайсына жете тоқталып, әр күннің ажарын ашып, салт-дәстүрге сәйкес жоралғылар жасады. Әскери қызметшілер Наурызнама он күндігіне орай ұлттық киім киініп, ақ дастархан жайысып, ұлттық ғұрыптарды қастерледі.
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мерейлі мереке қарсаңындағы әрбір көрнекті күндерді тойлап қана қоймай, өзге өңірлік қолбасшылықты да мерейлі мерекені атап өтуге ат салысуға шақырды. Қолбасшылық қазақы нақышта киім киініп, «Орталық» өңірлік қолбасшылығына челлендж жолдады. Осылайша, бабадан балаға мұра болып келе жатқан Наурыз мейрамының ұландық арасында кеңінен тойланып, сән-салтанатын аша түсуге өз үлестерін қосты.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі