Президент реформалары: білім саласындағы нақты өзгерістер

Фото: pixabay.com
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов еліміздегі білім саласында жүзеге асқан реформалар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, алты жыл бұрын мұғалімдердің жалақысы екі есе өседі, бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады немесе Ұлттық қордың қаражаты әр балаға аударылады десе, көпшілік сенбес еді.
– Білім – бұл жарық. Егер мұғалімнің шамы сөніп қалса, қоғам қараңғылықта қалады. Сондықтан да Президент реформаларын дәл осы ұстаздардан бастады. Мұғалім мамандығының мәртебесі артып, оған ең үздік түлектер келе бастады. Бұрын жаңа стандарттағы, жайлы мектептер тек облыс орталықтарында салынса, қазір “Жайлы мектеп” жобасының арқасында ең заманауи білім ошақтары шалғай ауылдарда да бой көтеріп жатыр. Енді мектептер бірыңғай стандартпен салынып, қауіпсіз орта қалыптасады, ерекше балаларға қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Мектеп – жай ғана ғимарат емес, ол болашақ фабрикасы. Мемлекет балаларды қолдауды күшейтті, аз қамтылған отбасылардың балаларына балабақшада тегін тамақ беріледі, дарынды жастарға халықаралық деңгейде білім алу мүмкіндігі ашылды. Бұл өзгерістер – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізген жүйелі реформалардың нақты нәтижесі, - деді Асхат Қанатұлы.
Айта кетейік, жоғары оқу орындарына педагогикаға түсушілердің орташа балы 55-тен 100-ге дейін өскен болатын.
Оқи отырыңыз