Құтқарушылар жол талғамайтын көлікпен көмекке келді

00:00
00:00
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданында қардың қалыңдығы 77 см-ге дейін жетеді. Сол маңдағы Соловьево ауылының жанында екі ер адам қарлы жолда снегоходпен жүре алмай, қарға батып қалды. Олар ара омартасынан ауылға қайтар жолда техникасы қарға кептеліп, «112» қызметінен көмек сұрауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Құтқарушылар оқиға орнына жол талғамайтын «Трэкол» көлігімен жетіп, 1976 және 1974 жылы туған азаматтарды Соловьево ауылына аман-есен жеткізді. Абырой болғанда, ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ,- делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.
Оқи отырыңыз