KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 3 м/с, ОБ
504.49 587.73 6.57

Ертіс көпірінің астында жаңа демалыс аумағы ашылды – Өскемен

5.08.2025, 21:50 356 Төлеуғазы Жансая


Өскемен қаласында Ертіс өзені үстінен өтетін көпір астындағы бос кеңістік тиімді пайдаланылып, заманауи демалыс аймағына айналды. Жаңа қоғамдық орын қазірдің өзінде қала тұрғындарының сүйікті мекеніне айналып, мұнда серуендеп, спортпен айналысатындар қатары күн санап артып келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Абаттандырылған алаңда баскетбол алаңы, ММА-ға арналған сегізбұрышты ринг, тренажерлар, үстел теннистері, турник, велотұрақтар, киім ауыстыру бөлмелері, сәкілер мен шағын сәулеттік формалар қарастырылған. 
Сондай-ақ, аумақтың қауіпсіздігін сақтау мақсатында 8 бейнебақылау камерасы қойылған.

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышев алдағы уақытта дәл осындай жайлы орындар қаланың басқа аудандарында да пайда болатындығын айтты. 

– Егер кімде-кім заңсыз әрекетке барғысы келсе, бұл ойынан бірден бас тартқаны жөн. Барлығы камера бақылауында, – деп ескертті қала басшысы. – Бұл жер бюджет қаражатына салынды. Сондықтан тұрғындар өз мүлкіндей қарап, таза ұстаса екен дейміз.

Аталған демалыс орны қаланың балансында болады. Дегенмен, бұл аумақта шағын бизнес өкілдері де жұмысын бастай алады.

– Байқау негізінде әрбір кәсіпкер үш жылға жер телімін жалға алып, қоғамдық тамақтану орындарын аша алады. Бірақ бұл істе мәдениеттілік пен тәртіп бірінші орында тұруға тиіс. Қала орталығында қалай болса солай сауда жасауға жол берілмейді, – деді қала әкімі.

Жаңа қоғамдық кеңістік – қала тұрғындарының демалып, спортпен айналысуына арналған тағы бір қолайлы орын болмақ.

Елизавета Седых

Фото: Махаббат Ахметжанова

Видео: Жалғас Сақадиев

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу