ШҚО әкімі журналист Ирина Якунинаға көңіл айтты
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов белгілі журналист Ирина Якунинаға ұлының қазасына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аймақ басшысы журналист Ирина Якунинаға жалғыз ұлы Дрёмов Максимнің қазасына байланысты шын жүректен көңіл айтты. Көңіл айту мәтінінде Максим Александровичті адал, ақжарқын әрі парасатты жан ретінде таныған адамдардың жүрегінде оның жарқын бейнесі мәңгі сақталатыны атап өтілген.
Айта кетсек, Ирина Якунина – отандық медиа қауымдастықта кеңінен танымал тұлға. Оның репортаждары мен жарияланымдары әрдайым оқырманның қызығушылығы мен ықыласына ие болып келеді.