KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
496.41 542.77 6.05

Шығыс Қазақстан полицейлері мал ұрысын ұстады (видео)

Кеше, 17:20 67 Гульжан Мусина

 

Шығыс Қазақстан облысы ауданындарының бірінен полиция қызметкерлері еркін жайылымнан ұрланған жеті ұсақ мал ұрлығын ашты. Жалпы келтірілген шығын мөлшері 400 мың теңгеден асты, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды. Тергеу іс-шараларының нәтижесінде оның қылмысқа қатыстылығын дәлелдейтін заттай айғақтар тәркіленді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ШҚО Полиция департаменті мал иелеріне арнайы белгіленген жайылымдарды пайдалануды, жануарларды қараусыз қалдырмауды, әсіресе түнгі уақытта, таңбалау (чиптеу) әдістерін қолдануды және жайылым маңында күдікті адамдарды мен көліктерді байқаған жағдайда дереу полицияға хабарлауды ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу