Қазақстанда 196 мал ұрысы ұсталды
Фото: автордікі
“Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 196 мал ұрысы құрықталды, – деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Іс-шараны жүргізуге тек полицейлер ғана емес, ветеринариялық бақылау мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері де жұмылдырылды. “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 196 мал ұрысы және 34 қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды.
Полицейлер күдікті көлікті байқағаннан кейін ғана ұрылар Талапкер ауылында төртінші ұрлықты жасау барысында құрықталды. Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде биыл мал ұрлығы 13%-ға төмендеп отыр. Сонымен қатар ұрланған жануарлардың жартысынан көбі заңды иелеріне қайтарылды.
Қылмыстық қолсұғушылықтың құрбаны болмау үшін қарапайым ережелерді ұстану қажет:
– қойшының қарауынсыз малды қалдырмаңыз. Сіз, ол және әкімшілік арасында үш жақты шарт жасаңыз;
– қазіргі кезде кең таралған техникалық құрылғыларды, малды бақылаудың заманауи әдістерін қолданыңыз;
– малды таңбалауды немесе чиптеуді ұмытпаңыз, бұл болашақта мал іздеуде және иесін анықтауда көмектеседі.