Өскеменнің "КСК-ларына" шағым көп: жылу, тазалық...
Өскеменде пәтер иелерінің корпоративі яғни екі КСК-ның ісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тұрғындардың әлеуметтік желілерде КСК өкілдері жұмысын шалағай істейтіндігін айтып, шағым білдіріп жатқаны белгілі. Осындай шағыммен жуықта қалалық әкімдіктің жауапты бөлімі 20 істі қараған екен.
– 18 іске тиісті шаралар қолданылып, екі КСК басшылығына әкімшілік хаттама толтырылды, – деді әкімдіктің баспасөз хатшысы.
Айта кетейік, КСК тұрғын үйге ортақ дүниелерді жарақтап, бұзылғанын жөндеуге, ауланы таза ұстауға, қыста үйдің жылуын бақылауға, көктемде қарғын судың алдын алу шараларын істеуге міндетті.