Көлік жүргізушісі терезедегі мұзды қалай тез ерітуге болатынын көрсетті
Ұлыбритания тұрғыны Даниэль Харрис көліктің алдыңғы терезесіндегі мұзды тез ерітудің ерекше тәсілін тапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жүргізуші бейнежазбаны Facebook желісіндегі жеке парақшасында жариялады. Тез арада мұзды еріту үшін бар болғаны полиэтилен пакет мен ыстық су керек екен. Пакетке су толтырып, әйнекті мұзы ерімейінше әрлі-берлі үйкеу қажет.
Лайфхак ретінде түсірілген видео бірнеше күнде 2,5 миллионнан аса қаралым, мыңдаған лайк пен пікір жинаған.
Желі қолданушыларының бірі «Неге бұны бұрын аңғармағам?», - деп пікір қалдырды.
https://www.facebook.com/100009618093400/videos/2143078366022746/?t=31