KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Төтеншеліктер Жаңа жыл қарсаңында ел азаматтарына үндеу жасады

pexels

30.12.2023, 17:17 697 Назерке Каримова
30 желтоқсаннан 3 қаңтар аралығында еліміздегі ТЖМ бөлімшелері төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін қызметтің күшейтілген режиміне көшті.
Күштер мен құралдар тұрақты әзірлікте тұр, деп хабарлай Аltaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мереке күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖМ азаматтардан дауылды ескертулерді, ауа райындағы өзгерісті, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылауды, сондай-ақ алыс сапарға шықпауды сұрайды.

Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тарту ұсынылады. 

"Қазіргі уақытта ауа райының күрт жылынуына байланысты еліміздің кейбір өңірлерінде су айдындарында мұздың жұқарғаны байқалады. Осыған байланысты азаматтардан жұқа мұзға шықпауды және қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз!", - дейді ҚР Төтенше жағдай министрлігі.

Сондай-ақ төтеншеліктер жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастырушылар мен азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады. Үй-жайда отшашулар мен өртке әкелуі мүмкін басқа да өрт қауіпті жарық әсері бар құралдарды пайдалануға болмайды.

"Пиротехникалық құралдарды абайсыз қолдану өрттің пайда болуына ғана емес, сонымен қатар жарақат пен мертігуге әкелуі мүмкін екенін еске саламыз. Сонымен қатар, тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау қажет. Қарапайым ережелерді сақтау сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Жаңа жыл отбасылық мереке екенін ескере отырып, оны үйде отбасымен қарсы алу ұсынылады", делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу