Елімізде 120-дан астам өрт сөндіру бөлімі жетіспейді
Фото: obk.kz
Қазіргі күні елімізде барлығы 426 өрт сөндіру бөлімі құрылған. Бірақ әлі де 121 бөлімше жетіспейді.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Вице-министрдің айтуынша, кейінгі жылдары бүкіл әлемде орман өртінің ауқымы артып келе жатыр. Үш жыл бұрын Қазақстанда 700 орман өрті, 2022 жылы – 757, ал 2023 жылы 146 орман өрті тіркелген.
Сонымен қатар 3600 техника жетіспейтінін де атап өтті. Жабдықтардың 15%-ы немесе 470 бірлігінің қызмет ету мерзімі 20 жылдан асқан. Президенттің тапсырмасы бойынша бұл мәселені шешу үшін кешенді жоспар қарастырылыпты. Қазір ол барлық мемлекеттік органмен келісіліп, қол қою сатысында тұр.