KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 8 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

ШҚО-да ет экспортының әлеуетін арттыратын жоба іске асырылмақ

30.11.2023, 16:14 182

Еліміздегі ең ірі агрожобалардың бірі – Ұлан ауданында салынатын шошқа фермасына өзге жер телімдері қарастырылып жатыр. Бұл жөнінде инвестормен келіссөз жүргізілуде.

Ауданды былай қойғанда, аймақтың экономкиасына айтарлықтай оң әсер ететін ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін осы істі қолға алған кәсіпкерге 2021 жылы Ұлан ауданының әкімдігі 5 жер телімін ұсынған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Инвесторға ұсынылған жер телімінің екеуі Ұлан ауылынан екі-үш шақырым қашық болса, үшеуі Борсақ ауылынан үш-төрт шақырымдай тұста. Алайда аталған ауылдардың тұрғындары шошқа фермасының елді мекенге жақын орналасуына қарсы екендіктерін жеткізген. Сол себепті өңір билігі бұл мәселені шешудің өзге жолдарын қарастырып, инвесторға басқа жер телімдерін ұсынып отыр.

– Біз бұл жобадан бас тарта алмаймыз. Өйткені оның экспорттық әлеуеті өте зор. Өңір экономикасының дамуына да серпін береді. Оған қоса қаншама жаңа жұмыс орны ашылады. Халық жұмыспен қамтылады. Сондықтан біз қазір ферманы салатын жерді басқа жақтан қарастырып жатырмыз және бұл мәселені жергілікті тұрғындармен кеңесе отырып шешеміз, – деп атап өтті аймақ басшысы Ермек Көшербаев.

Сондай-ақ өңір басшысы мұндай фермалар қазір халқының көбі мұсылман дінін ұстанатын көршілес елдерде де бар екенін айтты.

– Әрине, қазақ халқы шошқаны қабылдай алмайды. Дегенмен Қырғызстан, Өзбекстан сияқты бауырлас елдерде қазір шошқа фермалары жұмыс істеп тұр. Себебі экономикалық жағынан пайдалы. Біз де осыны ескеруіміз керек. Кең байтақ елімізде жер жетерлік. Инвесторға басқа жер телімін ұсынамыз. Егер жоба іске асып, Қытайға 40 мың тоннаға дейін ет экспорттасақ қыруар қаржы әкелеміз экономикаға, – деді облыс әкім.

Жалпы бұл мал шаруашылық кешені – республикадағы ең ірі агрожобалардың бірі. Кешен іске қосылса, ет өнімдерін экспорттаудың әлеуеті артады. Ең бастысы бұл – жәй шошқа фермасы емес, жаңа технологиямен жабдықталған заманауи кешен. Онда жұмыс істейтін адамдар арнайы жамылғы киеді және жұмыс автоматтандырылған. Жұмысшы малды қолымен ұстамайтындай етіп жасалған. Жоба жүзеге асса елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартары сөзсіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив