KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
488.11 530.09 5.01

"Ұлттық ұлан" сарбаздары несие төлеуден босатылды - ШҚО

Суреттер: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Суреттер: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
14.12.2023, 14:46 126 Оразай Жеңісұлы

Өткен жылдың желтоқсан айында Қорғаныс министрлігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сарбаздарға «несиелік демалыс» беру туралы меморандумға қол қойған.

Осыған орай «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің заңгерлері кредиттік ұйымдарға барып, сарбаздардың несиесін шегеру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- Өкінішке орай, жас жігіттер әскерге дейін  «ер жігіттің мойнында қыл арқан шірімейдіге» салып, несие үстінен несие ала берген. Әсіресе, микроқаржы ұйымдарынан ақша алғандардың саны басым. Егер оларды уақытша тоқтатпаса, берешек те күн санап өсіп, несие тарихына да нұқсан келмек. Сондықтан азаматтық борышын өтеуге келген жүз шақты борышкер-сарбаз әскери бөлім заңгерлерімен бірге банк бөлімшесіне барып, несие төлемдерін уақытша тоқтату туралы  өтініш қалдырды, - деді 5518 әскери бөлімі командирінің орынбасары майор Серік Ноғаев.

Еске салайық, бұдан  былай сарбаздар әскердегі 1 жыл қызметі барысында    банктер тарапынан   несиелік берешекті өндіріп алу үшін борышкерлерді сотқа беруін уақытша тоқтатады. Мерзімді әскери қызметшілер азаматтық борышын өтеп келгеннен кейін ғана несиесін өтеуді жалғастырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив