Жалақы, зейнетақы және жәрдемақы: әлеуметтік саладағы жұмыс қорытындыланды
Қазақстанда әлеуметтік саланы қолдау және дамыту мәселелеріне басымдық беріледі.
Мемлекет жұмыс орындарын құру және азаматтардың жалақысын көтеру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ әлеуметтік көмектің түрлі мемлекеттік бағдарламалары іске асырылып, тиісті инфрақұрылымды жаңғыртуға қаражат бөлінді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жұмыстың маңыздылығын Мемлекет басшысы әрдайым атап көрсетеді.
Геосаяси жағдайға қарамастан республикадағы барлық әлеуметтік міндеттемелер мүлтіксіз орындалып жатыр. Сонымен қатар бюджет мүмкіндігіне қарай зейнетақы, жәрдемақы мөлшері және басқа да әлеуметтік қолдау шаралары артады.
Айжанат Бақытқызы