KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
488.45 529.19 5.04

Қор нарығында доллар қымбаттады

Фото: ulysmedia.kz

10.01.2024, 23:40 102 Анель Слямғазықызы

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы шамалы өсті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,04 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 453,34 теңге.

Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша 1 доллар 453,19 теңгеге тең.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,02 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 454,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 456,7 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 452 теңге, сатып алу құны– 456 теңге.

Ресей рублі 4, 98 – 5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив