KZ
Өскемен
-10°
пасмурно жел 6 м/с, Ю
520.91 544.25 5.29

Соттылық туралы анықтаманы үйден шықпай қалай алуға болады?

Фото: Анель Абзалбекова

17.01.2024, 12:09 168 Ынтымақ Толқын

Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы үйден шықпай-ақ алуға болады.

 

Бүгінде бұл мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған, деп хабарлайды Altyanews.kz тілшісі.

 

Электрондық анықтаманы көрсетілген тәсілдердің бірі арқылы алуға болады:

 - www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы (mgov мобильді қосымшасы);

- www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында бір реттік SMS пароль сервисі арқылы;

- «EgovKzBot» Тelegram-бот арқылы.

 

Қызмет көрсетудің ең аз мерзімі – 10 минут, қосымша тексеру кезінде – 5 жұмыс күні.

 

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

 

«Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтамалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабы тәртібінде соттылықтың жойылғанын ескере отырып беріледі», - дейді ҚР БП ҚСжАЕК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, аталған мемлекеттік қызмет портал арқылы өзіне қатысты мәліметтер «Жеке кабинет» және (немесе) SMS-растау арқылы сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда үшінші тұлғаларға көрсетілуі мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу