Риддер тұрғындары маманның көмегімен үйлерінің жылу изоляциясын тексере алады
Риддер қаласының әкімдігінде пәтер иелері кооперативтері төрағаларымен және үй бойынша жауапты адамдармен өткен кездесуде көппәтерлі үйлердегі жылу изоляциясы мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Бүгінгі таңда қала тұрғындарының үйлері жылына бастады.
Риддер қаласы әкімінің айтуынша, температуралық режимі нормадан төмен көпқабатты үйлердің тұрғындары үйлердің жылу оқшаулануын тексеру үшін үйдегі жауапты адамдарға немесе тікелей қалалық әкімшілікке өтініш бере алады.
Сондай-ақ қала әкімі екі шағын аудандағы пәтерлерді аралап, тұрғындармен сөйлесіп, үй-жайлардағы температуралық режимді тексерді. Қала тұрғындарының айтуынша, қазір пәтерлер жылы, үзілістер жоқ. Тіпті подъездер де жылы.
Жылыту маусымының басынан бастап үйлеріндегі жертөлені өз бастамаларымен оқшаулап, жылу жүйесіндегі кейбір ақаулықтарды жөндеген тұрғындар ешқандай қолайсыздықты сезінбегенін атап өткен жөн.
Қала билігі тұрақты негізде өткізетін қала тұрғындарымен кездесулерде ең өзекті мәселелердің бірі - жылу желілеріндегі проблемалық учаскелерді жою жұмыстары. Қала әкімінің айтуынша, ол жұмыстар жалғасады.
Айжанат Бақытқызы