Шемонаиха қаласындағы әлеуметтік нысандарында тұрақты температуралық режим сақталуда
Шемонаихада жылу жүйесіндегі ақауды жою жұмыстары кезінде қаладағы әлеуметтік нысандарда тұрақты температуралық режим сақталды. Дәрігерлер мен пациенттердің айтуынша, жөндеу жұмыстарына қарамастан, ғимараттардың іші жылы әрі жайлы, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мәселен, Шемонаиха аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Зарина Сүлейманова жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеді.
Балаларымен бірге ауруханада жатқан жас аналар палаталардың жылы екенін және балалардың ешқандай қолайсыздықты сезінбейтінін растады.
Еске сала кетейік, жылу жүйесінде жүргізілген жұмыстар қала тұрғындарына ыңғайсыздық туғызбау үшін мүмкіндігінше жедел қарқынмен жүргізілді. Әлеуметтік нысандар аудан басшылығы мен коммуналдық қызметтердің ерекше бақылауында болды. Аязға байланысты мектептер мен балабақшалар қашықтан оқыту форматына көшірілді.
Қазіргі уақытта жылу жүйесіндегі дәнекерлеу жұмыстары аяқталды, жүйе ыстық сумен толтырылып жатыр.