Шемонаихада жылу беру қалпына келтірілді (Видео)
Шемонаиха ауданында жылу жүйесіндегі ақауды жою жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең ауданның жылу жүйесінде ақау орын алып, жылу беру қарқыны сәл төмендеген болатын. Жағдай анықталған соң 40 минут ішінде «Востокэнерго» ЖШС орталық қазандығынан 300 метр қашықтықта орналасқан құбыр желісіндегі ақауды тапты. Зақымданған құбырдың диаметрі 530 мм екені белгілі болды.
Оқиға орнына жеткен жедел қызмет бригадасы жұмысқа кірісіп, 12 маман мен 7 техника жұмылдырылған болатын. Айта кету керек, жөндеу жұмыстары -22°C аязда жүргізілді.
Уақытша 3 мыңнан астам абонентке, соның ішінде 10 әлеуметтік нысанға жылу беретін магистральда жылу айналымы тоқтатылған еді. Алайда, аудандық аурухана сияқты маңызды нысандарда температуралық режим сақталды. Ал мектептер, балабақшалар және спорт кешендері қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылды.
Авариялық қызметтің үйлесімді жұмысы нәтижесінде ақау қысқа мерзімде жойылды. Аудан мен облыс басшылығының мұндай жағдайда істі нысаналы түрде үйлестіруінің арқасында желідегі жылу айналымы күнбе-күн толық қалпына келтірілді.