Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызы және оны алдын алу жолдары
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуын тежейтін, экономикалық өсуді тоқтататын, халықтың сеніміне зиян келтіретін қауіпті құбылыс. Бұл мәселе тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның назарында болуы тиіс. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күреске ерекше назар аударып, бұл мәселені шешу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажеттілігін атап өткен болатын.
5 жыл бұрын еліміздегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды. Содан бері Президентке тікелей есеп беретін тәуелсіз құқық қорғау органына айналды. Агенттік 2022 жылы қабылданған бес жылдық тұжырымдама аясында қызмет атқарады. Қазір сыбайлас жемқорлықпен күрестен бұрын оның алдын алуға басымдық беріледі.
Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдама талаптарын басты бағыт етіп алған. Оның аясында БҰҰ, Еуропа кеңесі, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың халықаралық қауымдастығымен тығыз байланыс орнатылды.
Парақорлық, ұрлық және билігін асыра пайдалану. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері бетпе-бет келетін қылмыс түрлері осындай. 10 айда 937 құқықбұзушылық тіркелді. Тәуекелдер саны 2,5 мыңнан асқан. Оның алдын алуға еріктілер мен қарапайым азаматтар мұрындық болды.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде ұйымдастырылған шаралар жемқорлыққа қарсы күрестің нақты мысалдары болып табылады. Департамент қызметкерлерінің заңнаманы сақтауын қадағалап, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пен департамент өкілдері бірлесіп, қызметкерлер үшін трансформациялық ойындар өткізді. Бұл ойындарда қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін факторларды анықтап, оларды болдырмау жолдарын талқылады. Осылайша, қызметкерлерге нақты жағдайларда жемқорлыққа қарсы тұрудың маңыздылығы үйретілді.
Сыбайлас жемқорлықты жою үшін заңнаманы жетілдіру мен мемлекеттік бақылауды күшейтумен қатар, қоғамда жемқорлыққа төзбейтін мәдениет қалыптастыру маңызды. Бұл үшін келесі шараларды жүзеге асыру қажет:
- Білім беру мен тәрбиелеу
Жас ұрпақ арасында адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды насихаттау қажет. Мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында жемқорлыққа қарсы білім беру бағдарламаларын енгізу тиімді тәсілдердің бірі болып табылады. - Құқықтық сауаттылықты арттыру
Қоғам мүшелеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру, құқықтарын қорғау тетіктерін көрсету арқылы халықтың құқықтық сауатын арттыру маңызды. - Мемлекеттік қызметтің ашықтығы
Мемлекеттік органдардың ашықтық пен есептілік қағидаттарын сақтауын қамтамасыз ету қажет. Бұл жемқорлыққа бейім әрекеттерді азайтады. - Әлеуметтік жауапкершілік
Әрбір азамат сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын түсініп, бұл құбылысқа төзбеушілік танытуы керек.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен өткен тренинг жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтудағы тиімді әдістердің бірі болып табылады. Оған қатысқан агенттік психологы Гүлжан Абдиллинова атап өткендей: «Сыбайлас жемқорлықты бірге ғана тоқтата аламыз. Сондықтан мемлекеттік мекемелерде осындай ерекше әрі тиімді форматтағы жұмыстар жүргізу өзекті».
Мұндай шаралар ұжым арасында жемқорлыққа қарсы этикалық қағидаттарды қалыптастыруға ықпал етіп, заңнаманы сақтау деңгейін арттырады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлыққа қарсы күрес тек жазалау шараларымен шектелмей, оның алдын алу жүйесін нығайтумен қатар жүруі керектігін айқындады. Президенттің бастамасымен мемлекеттік қызметтің ашықтығы, цифрландыру арқылы бақылау механизмдерін енгізу, қоғамдық бақылауды арттыру бойынша нақты шаралар жүзеге асырылуда.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттің тұрақты дамуы мен қоғамның өркендеуінің негізі. Жемқорлықты болдырмау үшін азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық пен жауапкершілікке тәрбиелеу маңызды. Мемлекет пен қоғамның бірлескен әрекеті ғана бұл күресте нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Әрбір азамат жемқорлықсыз қоғам құруға үлес қосуы тиіс.
Фото: ШҚО ТЖД