KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, В
522.63 548.66 5.07

Риддердегі тұрғын үйлердің жылуы қайда кетіп жатыр?

15.12.2023, 17:22 252

Пәтерде температура төмен деп шағымданған Риддер тұрғындарының үйіне мамандар барып, жылуды тексерді. Инженерлер ғимараттардың контурын жылылау қажет деген қорытынды шығарды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Күрделі жөндеуден кейін кеншілер шаһарындағы жылу электр орталығы штаттық режимде үзіліссіз жұмыс істеп тұр. Мұны кеше өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингіде қала әкімі Дәулет Батырбаев та растады.

Дегенмен кейбір қала тұрғындары пәтерде температура төмен екенін айтып шағымдануда. Жылудың шын мәнінде қайда кетіп жатқанын анықтау үшін «Өскемен жылу желілері» АҚ-ның жөндеу-пайдалану қызметі өлшеу, баптау және сынау қызметінің өкілдерімен бірлесіп Гагарин көшесіндегі 20-шы үйге және Белинский көшесндегі 25-ші үйге барып, термовизиялық тексеру жүргізді.

«Алдымен ғимараттың сыртқы бетіне тексеру жүргізіледі. Содан кейін құрылымның ішкі жағындағы жылу қорғау қызметі бұзылған учаскелер тексерілді, - дейді қызметкерлер.

Мамандар арнайы құрылғының көмегімен жылудың терезе блоктарынан, қоршау құрылымдары мен шатырдан сыртқа кетіп жатқанын анықтады. Инженерлер қажетті температуралық режимді қамтамасыз ету үшін ғимараттардың контурын жылылауды ұсынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу