KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Өскеменде шетелдік бапкер шеберлік семинарын өткізіп жатыр

Фото: Ынтымақ Толқын
Фото: Ынтымақ Толқын
31.01.2024, 12:55 219 Ынтымақ Толқын

Облыс орталығында білікті бапкер Василий Филимонов  бокс жаттықтырушыларына семинар өткізіп жатыр.

 

Бапкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған семинар бір аптаға созылмақ, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан семинарға аймақтан 43 жаттықтырушы мен 2 мектеп директоры қатысуда. Семинарды өткізудегі басты мақсат - облыстағы бокс мектептерін күшейтіп, бапкерлердің шеберлігін шыңдау.

 

-  Семинар теория мен практикадан тұрады. Түске дейін теория сағаты болса, түстен кейін сол айтылғандарды бапкерлер практика жүзінде іске асырады. Қазір облыста жастар мен ересектер арасында боксшылардың саны азайды. Соны қалыпқа келтіру мақсатында жұмыстар атқарылуда. Василий Филимонов - білікті бапкер. Италияда жүргенде Руссо, Камарелле сынды олимпияда чемпиондарын да дайындаған. ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасының осындай жаттықтырушыны шақырғанына алғысым шексіз, - дейді ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов.


 

Бұл ресейлік маманның шығыс өңіріндегі алғашқы сапары емес. Василий Филимонов 2017 жылы да аймақтағы бапкерлерге шеберлік сағаттарын өткізген.

 

-  Осындан 6-7 жыл бұрын да шығысқа келгенмін. Қазір қарап отырсам, сол кездегі семинарға қатысқан бапкерлердің бірнешеуі бүгін де келіп отыр. Ал қалғандары - жас мамандар. Бұл, әрине, жақсы. Жыл жаңарған сайын спорт та дамып, заман ағымына ереді. Қазақстанда жастардың боксқа деген талпынысы жақсы. Тек соларды дайындап, ерекшеліктерін көре білетін білікті бапкерлерді көбейту керек, - дейді РФ еңбек сіңірген жаттықтырушысы Василий Филимонов.


 

Айта кетелік, семинар 29 қаңтар мен 7 ақпан аралығында Өскемендегі Жекпе-жек сарайында өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу