KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, З
491.7 531.28 5.07

ШҚО мектептерінде бұрынғы қылмыскерлер мен психикалық ауытқуы бар адам жұмыс істеген

Фото: pikuco.ru

2.02.2024, 13:30 79

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарында Еңбек кодексін бұзу фактілерін анықтады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Informburo.kz сілтеме жасап.

 

 

«Атап айтқанда, Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының талаптарына қайшы, аудандық мектепте бұрын қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған мұғалім мен 2 күзетші жұмыс істеген. Сондай-ақ, психиатриялық бұзылуларға байланысты «Д» есебінде тұрған 1 адам (көмекші персонал) балалардың қатысуымен қызметті жүзеге асырғандығы анықталды», – деп жазылған хабарламада.

 

 

Прокуратура шаралары бойынша аталған білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге жол берілмейтін адамдармен еңбек шарттары бұзылды. Кінәлі лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

 

Заңнамада көзделген шектеулері бар адамды педагогтің кәсіби қызметіне рұқсат бергені үшін мектеп басшысы ӘҚБтК-нің 409-бабы 7-5-бөлігінің 5) тармағы бойынша 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

 

                                                                         Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив