KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, З
491.7 531.28 5.07

ШҚО-да мектепте бұрын сотты болған адамдар жұмыс істеген

фото: freepik.com

1.02.2024, 16:57 98 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында мектепте қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар жұмыс істеген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарында еңбек кодексін бұзу деректерін анықтады, қылмыстық тарихы бар адамдар кәмелетке толмағандардың қатысуымен еңбек қызметін жүзеге асырған.

"Атап айтқанда, Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының талаптарына қайшы, аудандық мектепте бұрын қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған мұғалім мен 2 күзетші жұмыс істеді. Сондай-ақ, психиатриялық бұзылуларға байланысты "Д" есебінде тұрған 1 адам (көмекші персонал) балалардың қатысуымен қызметті жүзеге асырғаны анықталды", - делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив