Өскеменде автоеріктілер жобасы жүзеге асырылады
Фото: @ukaasar
Өскеменде автоеріктілер жобасы жүзеге асырылып келеді. Бұл жоба осыдан бес жыл бұрын қолға алынған болатын, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Өскемен-АСАР автоеріктілер жобасы - қала әкімдігі осыдан бес жыл бұрын бастаған алғашқы жобалардың бірі.
.
Автоеріктілердің қызметіне жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар жүгіне алады. Қайырымды автомобильшілер емханаға, базарға, қоғамдық орындар мен саябақтарға тегін жеткізіп тастайды.
Сервистің қызметін пайдалану немесе адамдарға көмек көрсетіп жүргендердің қатарына қосылу туралы ақпаратпен жобаның парақшасында @ukaasar танысуға болады.